• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қаңтар, 2024

Солтүстік Қазақстанда 9 адам зорлық-зомбылықтың құрбаны болды

136 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 9 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды. 2,5  мыңға жуық құқықбұзушылық тіркеліп, 618 азамат әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz khabar.kz арнасына сілтеме жасап.

Тағы 300-ден астам бұзақыға ескерту жасалып, жетеуіне айыппұл салынған. Енді жұдырық ала жүгіретіндерге жаза күшейеді. 

«Былтыр тұрмыстық ұрыс-керіс салдарынан облыста 9 адам қайтыс болды. Оның бесеуі әйел болса, қалғаны ер азамат. Қайтыс болғандардың орташа жасы − 30 бен 45 жас аралығында. Қылмыстың көбі Петропавл қаласында жасалған. Статистикаға сүйенсек, отбасылық жанжалдың шығуына басты себеп жұмыссыздық және тұрмыстық жағдайдың төмендігі болып отыр», деді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Әсия Әбжанова.