• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қаңтар, 2024

«Көмектеріңіз ауадай қажет». Бельгиялықтар асырап алған бала жаңа жазба жариялады

14199 рет
көрсетілді

Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады. Ол Арқалыққа анасын іздеп барған журналистерге алғыс айтып, әр Қазақстан азаматына өтініш білдірді, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабар редакциясы қазір менің туған жерім Арқалықта, менің анамды іздеп жатыр. Менің оларға деген сенімім зор. Мен оларға ризамын, баршаға ризамын», деп жазды Жәнібек.

Сондай-ақ ол анасын құшақтағысы келетінін, үмітін үзбейтінін айтып, қазақ елінің көмегі ауадай қажет екенін айтты.

«Сіздердің де көмектеріңіз ауадай қажет. Менің оқиғама қатысты маңызды мәлімет білетін адамға менің өтінішім әлі жетпеген сияқты...Ақпарат беруден қорықпаңыздар, маған жекеге жазыңыздар немесе құпия түрде редактор Әсел Асқарқызы хат-хабар қабылдайды. (whatsApp 8771 321 97 86)», деп жазып Жәнібек осы жазбасын таратуды сұрады.