• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қаңтар, 2024

Ордабайдың қос алтыны

74 рет
көрсетілді

Аустралияның Балларат қаласында 2-8 қаңтар аралығында өткен Әлемдік Virtus Cycling World Series 2024 додасында отандасымыз Дастан Ордабай екі түрлі қашықтықтан 2 алтын медаль жеңіп алды.

Бүкіл әлемнің мықты велосипедшілері бақ сынаған жарысқа Қазақстаннан аутистік спектр ерекшелігі бар параатлет Дастан Ордабай ұсынылды. Дастан ii-3 (зердесі зақым­далған) санат бойынша 18,8 км қа­шық­тықтағы жеке жарыста уақытқа (Time trial) және 5,5 км қашықтықта критериумге (Criterium) қатысты. Нәтижесінде, аталған қашық­тықтан алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады.

«Дастан Ордабай өз еліне екі алтын жеңіп, тұңғыш азиялық аутист спортшы атанып, Қазақстан тарихына есімін қалдырды», деп атап өтті Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева.