• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2024

Цифрландыру: Су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады

102 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ведомство мәліметінше аталған жүйеде еліміздегі су шаруашылығы нысандарының жай-жапсары туралы барлық ақпарат жинақталады.

Сондай-ақ жүйе су ресурстарының тұтынушыға дейін бөлінуін және пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.

Су ресурстарын цифрландырудың өте маңыздылығын айтқан сала министрі Нұржан Нұржігітов: «Қазіргі уақытта еліміздің бірнеше облысында ирригация желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта цифрландыру элементтерін жалпы ақпараттық жүйеге интеграциялау жоспарланып жатыр», деді.