• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қаңтар, 2024

Жолдамаға кімдер таласатыны белгілі болды

128 рет
көрсетілді

12-22 қаңтар аралығында стенд атудан Азия чемпионаты өтеді. Кувейт мемлекеті ұйымдастыратын құрлық чемпионатында Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасы бөліске түседі.

8 жолдама үлестірілетін Азия чемпионатына 40 мемлекеттен 500-ден аса спортшы қатысады.  Еліміздің атынан сынға түсетін 18 спортшының арасында Азия ойындарында, әлем кубогында олжалы болған  Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Эдуард Ещенко, Мария Дмитренко, Айжан Досмағанбетова, Анастасия Прилепина сынды саңлақтар бар.