Астана халықаралық әуежайының хабарлауынша, аэродром қызметкерлері қолайсыз ауа райында да жұмыс істейді.
«10 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды. Сағат 14:00 мен 20:00 аралығында желдің жылдамдығы секундына 22 метрден 27 метрге дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа райында рейстер тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін», деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Әуежай өкілі аэродромда қалың қар жауып, желдің жылдамдығы 10 м/с, жел екпіні 15 м/с жеткенін түсіндірді.
«Бүгінде елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс әуе компанияларының техникалық себептеріне байланысты кейінге қалдырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелген жоқ», деп қосты баспасөз қызметі.
Сондай-ақ аэродромды қалың қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды. Қазір бұл жұмысқа 10 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.