Бас Прокурордың бұйрығымен Бахытжан Сәдібеков Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Бахытжан Исламбекұлы прокуратура органдарында 2004 жылдан бері жұмыс істейді.
Әр жылдары Қызылорда облысының, Астана қаласының прокуратурасында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында лауазымды қызмет атқарған. Соңғы 4 жылдан бері Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бақылау-әдістемелік басқармасының бастығы болған.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.