Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «SOME» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 11 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 15:20-да тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13,6, магнитудасы MPV 6,4», делінген хабарламада.