Olympic.kz порталының хабарлауынша, Айя – бүгінде садақ атудан қалалық құраманың мүшесі. Сондай-ақ ол Орталық Азиядан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі төреші атанды. Бұл атақты мерген қызға Францияда берген. Сосын былтыр Қытайда өткен жазғы Азия ойындарында төрелік етті. Азия ойындарынан соң мерген қыз әлем чемпионатында төреші болды. Енді 2026 жылы Африка құрлығында өтетін жасөспірімдер олимпиадасына жолдама алуды көздеп отыр.
Қазіргі таңда Орталық Азияда халықаралық дәрежеде 107 төреші бар болса, соның бірі – Айя Айтбай. Сондай-ақ ол ең жас төреші атанды. Айя биыл 20 жасқа толып отыр.