• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қаңтар, 2024

Мерген мерейі

67 рет
көрсетілді

Жакартада өтіп жатқан нысана көз­деуден Азия чемпионатында Қа­зақ­стан құрамасының мүшесі Никита Чирюкин алтын медаль жеңіп алды.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық құрама мергені жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде ешкімге дес бермей чемпион атанды. Никита финалда 32 ұпай жинады. Ал осы сында екінші орынға Үндістан (28) спортшысы қол жеткізсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея (23) спортшысы түйіндеді.

Осыған дейін Чирюкин іріктеуде 584 ұпаймен 1-орын алып, Париж Олимпиа­да­сының лицензиясына қол жеткізген. Жалпы, Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады. Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальмен жалпы есепте 4-орынға көтерілді.