• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қаржы 15 Қаңтар, 2024

Осы жылы әскери қызметшілердің жалақысы 30 пайызға артады

153 рет
көрсетілді

Ақтау гарнизонына жұмыс сапарымен барған Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев  биыл әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетінде қандай өзгерістер болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Соңғы үш жыл ішінде лауазымдық жалақыны кезең-кезеңмен ұлғайту жүргізілді. Биыл Қарулы күштердегі қатардағы және сержанттық құрам лауазымдарының тарифтік санаттары және әскери қызметшілердің әскери атағы бойынша жалақылары 30%-ға өседі», деді Тілеухан Басқожаев.