UFC шебері Шавкат Рахмонов (18-0) пен WBO, IBF тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0 ) кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген екі спортшымыз Алматыда кездесті.
Олар 2023 жылы өткізген жауапты жекпе-жектерінен кейін қалыпқа келу үшін демалысын елде өткізіп жатыр.
Осы кезеңде қос спортшы жолығып, Жәнібек Әлімханұлы желіге бірге түскен суреттерін жүктеп, «Көк ту желбірей берсін! Шавкат бауырыма тек сәттілік тілеймін», деп жазба қалдырды.