• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Қаңтар, 2024

Қоршаған ортаны қорғаудың бірлескен жобалары

148 рет
көрсетілді

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысан­баев пен Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Р.Кодзуки екіжақты кездесу барысында экология, орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Е.Нысанбаев өз сөзінде Жапония қоршаған ортаны қор­ғау және экологиялық инновация­ларды енгізу саласында үлкен тәжірибесі бар Қазақстанның ірі экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан тарапы­ның Экология және табиғи ре­сурс­тар министрлігі мен Жапо­ния­ның Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрлігі арасындағы қорша­ған ортаны қорғау саласын­дағы ын­ты­мақтастық туралы өзара түсі­н­істік туралы мемо­ран­дум жо­ба­сын әзірлеуі тура­лы айтылды. Бұл құжат жапон тарапының қа­ра­уына жібе­рілді. Аталған ме­мо­­ран­дум климат­тың өзгеруі, қал­­дық­тар­ды басқару, жасыл тех­­но­ло­гия­ларды дамыту және био­ә­р­­­түр­лілікті сақтау мәселелері бо­­йын­ша ынтымақтастықты көздейді.

Осы орайда өткен жылдың соңында БАӘ Дубай қаласында өткен СОР-28 халықаралық Климаттық форумының алаң­дарында «Митсубиши» компаниясымен кездесу өткізілгенін айта кеткен жөн. Сол кездесу барысында компания парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру мақсатында жасанды орман өсіру жобасын таныстырды. Онда көміртекті алу және ластаушы заттардың деңгейін төмендету жөніндегі технология­лар қамтылған.

«Осыған байланысты біз аталған бағыттар бойынша «Митсубишимен» бірлесіп жоба­лар­ды іске асыруға дайынбыз және мүдделіміз. Ынтымақ­тас­тығымыздың әлеуетін назар­ға ала отырып, біз отын түйіршік­терінен, ДСП, ДВП құрылыс тақталарынан бастап целлюлоза өндірісіне дейін өндірістің әртүрлі түрлерін іске қоса отырып, ағаш пен оның қалдықтарын қайта өңдеу бойынша ірі инвес­торларды тартуға мүдделіміз», деді Е.Нысанбаев Р.Кодзуки мырзаға сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ тараптар жануарлар дүниесі саласындағы ғылыми жобаларды, оның ішінде жабайы жануарларды жасанды өсіру жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Кездесу соңында тараптар бір-біріне алғыс айтып, екі елдің игілігі үшін одан әрі өзара ынтымақтастықты нығайтуға сенім білдірді.