• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2024

Қазақ әнін шырқап жүрген кәріс әншіге домбыра тарту етілді

259 рет
көрсетілді

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақ әндерін кәріс тілінде шырқап жүрген әнші Сон Вон Сабпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде өңір басшысы әншінің қазақ әндерін Корей елінде ғана емес, бүкіл әлемге танытып, насихаттауға қосқан үлесін айтып, шығармашылық табыс тіледі.

«Сіз туралы жақсы пікірлер айтылып жүр. Желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп келесіз. Өнеріңізді біз де жоғары бағалаймыз. Өзіңізге отандастарымыз өте риза. Әсіресе, домбыра тартып, қазақша әндерді шырқап жүруіңіз – көпке үлгі. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеп, екі елдің арасында байланыс нығая түседі деген сенімдемін», дей келе Асхат Шахаров қазақ әнін орындап жүрген кәріс әншіге домбыра сыйлады.

Басқосуда Сон Вон Саб облыс әкіміне алғысын айтып, жуырда жарық көрген жеке альбомын тарту етті, әйгілі «Сыған серенадасы» әнін де шырқап берді.

Айта кетсек, Сон Вон Саб – «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығының ресми амбассадоры атанды. Оның Ақтөбеге келудегі мақсаты да – осы.