Синоптиктердің болжамына сәйкес, ертең елдің жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, 17 қаңтарда Астана, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалалардағы ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.