• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Жәдігер 16 Қаңтар, 2024

Қаныштың галстугі

164 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстан Ғылым акаде­мия­сының тұңғыш прези­денті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына – 125 жыл.

Қазақтан шыққан алғашқы академиктің Жезқазған – Ұлытау өңірінің қазба байлығын зерттеп, тарихын зерделеген ғылыми еңбегі өз алдына, оның сол жердің халқымен тонның ішкі бауындай араласып кеткен адами қарым-қатынасы айрықша болғаны белгілі. Қаныш Имантайұлы өмірден өткенде Жезқазғаннан Алматыға баратын халықтың көптігі соншалық, олардың көбі арнайы ұйымдастырылған екі ұшаққа да сыймай, қалып қойған көрінеді. Солардың бірі – Нұрманбек Сердалинов деген кісі болған екен. Оның отағасысымен өте жақын, дос, бауырындай болып кеткенін жақсы білетін Қанекеңнің зайыбы Таиса Алексеевна қазақтың ырым-жоралғысы бойын­ша на­мазға барған кісілердің бірінен оған Қаныш Имантайұлының бір костюмін, жейдесін және галстугін беріп жібереді. Костюм мен жейдені ағайын-туыстар «Қанекеңнің қасиеті жұғысты болсын» деп сұрап әкетеді де, Нұрекеңнің қолында галстук қана қалады.

1983 жылы Нұрманбек ағаның қызы Қарлыға Сердалинова галстукті Жезқазған қаласындағы музейге өткізеді.

Міне, содан бері 40 жылдан аса уақыт өтті. Қаныш аға мойнына таққан өлшемі 58х9 см болатын, ақ жолақтары бар қаракөк галстук Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде сақтаулы тұр.

 

Жезқазған