• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қаңтар, 2024

"Өзіміз шешеміз!": Динара Сәтжан ресейлік тележүргізушінің бетін қайтарды

2086 рет
көрсетілді

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан ресейлік әріптесі Тина Канделакидің Қазақстандағы орыс тілінің ахуалына қатысты сынына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған болатын. Ол «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін жеткізген.

Оның бұл пікіріне Динара Сәтжан жауап берді.

- Біріншіден, біз тәуелсіз мемлекетпіз. «Есіктен кіріп, төр менікі деме» деген мақал бар. Сондықтан теміржол стансаларына қандай атау беретінімізді өзіміз шешеміз.

Екіншіден, Қазақстан егемен жылдарында кеңестік биліктің салдарынан жоғалтып алған ана тілін қайтарып жатыр.

Үшіншіден, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынасқа арналған ресми тіл, ал қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Бұл Конституцияда көрсетілген, – деді журналист.

Отандық тележүргізуші теміржол стансаларына тарихи атаулары қайтарылып жатқанын еске салды.

- Бұл жерде орыс тілінің қолданылу аясын шектеу дегеннің қатысы қанша? Біз өз елімізде мемлекеттік тілден бөлек орыс және ағылшын тілдерінде де сөйлейміз. Біздің күшіміз осыда! – деп жазды Динара Сәтжан.