Алматылық кәсіпкер, ақпараттық технология саласының маманы Бағдәулет Бекжанов ғасырдан астам уақыт, яғни 124 жыл бұрын түсірілген фотоға жасанды интеллект көмегімен «жан бітірді», деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық ақпараттық технологиялар унивеситетінің түлегі Б.Бекжанов жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып түрлі эксперимент жасап, сәтті шыққан туындыларын инстаграм әлеуметтік желісінде жариялап, көпшілікке ұсынатынын айтты.
«Әлеуметтік желіде кең тараған туындынының идеясын досым Владимир Лукашев айтты. Ол 1900 жылы қазақ халқының тұрмысын фотоға түсіріп таспалаған археолог ғалым С.Дудиннің фотосын жасанды интеллект арқылы «сөйлетуді» ұсынды. Біз жасанды интеллектінің Stable Diffusion, RunwayML, pika labs сынды технологияларын қолдана отырып жүзеге асырдық. Мен фотоларды өңдедім, Владимир монтаждап дыбысын жазды. Келешекте жасанды интеллектінің көмегімен қазақ зиялыларының фотосуреттеріне байланысты жұмыстарды жарыққа шығарамыз», деді Б.Бекжанов.