• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қаңтар, 2024

46 кеншінің қазасы: 9 лауазымды тұлға қамауға алынды

388 рет
көрсетілді

2023 жылдың 28 қазанында «Qarmet» қарамағындағы (бұрынғы АрселлорМиттал) Костенко шахтасында апат болып, 46 кенші қаза болған еді. Оған қоса 28 кенші жарақат алған оқиғаға қатысты іс қозғалып, 9 жауапты тұлға қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қайғылы оқиғаға қатысты Үкіметте комиссия құрылып, нәтижесінде шахтадағы апатқа 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі деп танылған болатын.

Тергеуді жалғастырған Бас прокуратура істің тәмамдалуға жақын екенін жеткізіп, 9 лауазымды тұлғаның қамауға алынғанын хабарлады.

«Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, дәл осы апаттан кейін «Костенко» шахтасында көмір өндіру толық тоқтатылып, компанияның инвесторы ауысты.