Серджо Маттарелла Италия Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және қоғамдық реформаларға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтіп, Римге сапармен келгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Серджо Маттарелла бүгінгі келіссөздердің нәтижесі екіжақты экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық байланыстарға тың серпін береді деп сенім білдірді. Достық рәуіште өткен кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде Италия Президенті Мемлекет басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алды. Мұнан соң келіссөз дастарқан басында жалғасты», делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияда жүр. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді.