• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Қаңтар, 2024

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

218 рет
көрсетілді

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн тәртібінде Президенттің Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысы қаралады.

Еске салайық, 17 қаңтар күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді. Онда: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 қаңтар сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», делінген.