Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының баруына орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды», делінген ресми хабарламада.