Оңтүстік Кореяда бүгін басталған IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан хоккейшілері алғашқы қарсыласын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәлім етуінше, 3×3 хоккейден топтық кезеңнің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Польшаны 18:8 (3:2, 5:4, 10:2) көрсеткішімен ойсырата жеңді.
Ертең ел құрамасы Аустриямен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, ел намысын 16 жасқа дейінгі 13 хоккейші қорғайды.