• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2024

Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп, 11 адам эвакуацияланды

206 рет
көрсетілді

Ертіс өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір Ертіс өзенінің су деңгейі − 457 см. Түнде Бейбітшілік аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланды. Олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдарға ыстық тамақ берілді», делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше қазіргі уақытта су деңгейі төмендеген, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын су деңгейіне мониторинг жүргізіледі.