• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қаңтар, 2024

Тонауды кәсіпке айналдырған топ ұсталды

3687 рет
көрсетілді

Абай облысында үйлерді тонаумен айналысқан аса қауіпті ұрылар тобы ұсталды. Полиция Абай облысының Аягөз қаласында арнайы операция жүргізіп «сериялық» қылмысқа қатысы бар ұрылар тобын қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

 

«Күдіктілер үй-жайларды жайпап тонаумен күн көрген. Былтырдан бері аудан полициясына жергілікті тұрғындардың үйлерінен ақша, қымбат заттар мен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы арыздар түсе бастаған. Қолды болған құнды заттардың жалпы сомасы 2 млн 170 мың теңгені құрады. Тергеу мәліметтері бойынша, ұрылар үй иелері жоқ кезде жеке сектордың аумағына кіріп, пластикалық терезелерді сындыру арқылы ішке кіріп, құнды заттарды ұрлаған», делінген ақпаратта.

Арнайы операция кезінде ұсталған күдіктілер изоляторға қамалып, ұрлық және үй-жайға заңсыз кіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.