• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Алматы 23 Қаңтар, 2024

Жаңа басшыны таныстырды

4091 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникация­лар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ғылыми қоғамдастыққа Ұлттық ғылым академиясының жаңа басшысы Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты таныстырды.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Ақылбек Күрішбаев бұл лауазымға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 қаңтардағы өкімімен тағайындалды.

Руслан Желдібай Ұлттық ғылым акаде­мия­сының бұрынғы президенті Күн­сұлу Закарияға атқарған жұмысы үшін ал­ғыс айтып, Мемлекет басшы­сы­ның Ғылым және инновациялар жөнін­дегі кеңесшісі лауазымындағы қызметіне табыс тіледі.

Ұлттық Ғылым академиясының активі, ғылыми ұйымдардың басшылары мен академиктер қатысқан жиында Қазақстан ғылымының алдында тұрған міндеттер, ғылымның қолданбалы сипатын күшейту және ел экономикасына ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ғалымдар Ғылым акаде­миясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейто­йы аясында ұйымдастырылатын іс-шара­ларға қатысты ұсыныстарын жеткізді.