• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қаңтар, 2024

Геральдика қағидаты нақтыланды

156 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.

Жиында Мәдениет және ақ­парат министрі Аида Балаеваның мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану бағытында атқарған жұ­мыстардың жай-күйі және қол­даныстағы заңнамалық норма­ларға сәйкестендіру үшін мемле­кеттік ор­гандардың кейбір ведомстволық наградаларына өзгеріс енгізу туралы ұсынысы тыңдалды.

Мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, Мемле­кеттік күзет қызметінің ұсынған ведомс­т­во­лық наг­радалары бойынша оң ше­шім қа­был­данды. Сонымен қатар кейбір мем­лекет­тік органдар ұсынған ведомст­во­лық наг­радаларға қатысты ескертулер айтылды.

Ерлан Қарин уәкілетті органға өңірлік нышандарды әзірлеу мен бекіту жүйесін ретке келтіру бойынша үлгілік қағида және Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуын одан әрі арттыруға бағытталған кешенді жоспар әзірлеп, оларды Үкімет арқылы бекіту қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші кейінгі уақытта жекелеген азаматтар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан мем­лекеттік наградалардың атын, кес­кінін, кейбір элементтерін қайталайтын қоғам­дық марапаттар тапсыру жағдайларының жиілеп кеткеніне және осындай әрекет­терге құқықтық негізде тосқауыл қою керек екеніне назар аударды. Осыған орай Мә­дениет және ақпарат, Әділет министр­ліктеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар комиссия отыры­сының қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктерге бірқатар хаттамалық тапсырма жүктелді.