Бүгін Мәжілістің жалпы отрысында Respublica фракциясының мүшесі депутат Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтату туралы берген өтініші қаралып, қаулы қабылданды, деп жазады Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мәжіліс қабырғасында мол тәжірибе алдым. Мәжіліске келгенге дейін депутаттың иығында қандай ауыр жауапкершілік жүктелетінін сезінбеген едім. Саяси бағыттағы жұмысымды жалғастыра беремін. Өндіріс саласындағы шаруамды дөңгелетіп, ел экономикасының артуына үлесімді қосамын», деді Д.Шүкіжанова.
Экс-депутат Respublica партиясының тең төрағасы лауазымын атқара беретінін айтты.