23 қаңтарға ауған түнде орын алған жер сілкінісін Алматы қаласы хайуанаттар бағындағы жануарлар да сезген, деп жазады Egemen.kz.
«Түн ішінде зообақта күзет қызметкерлері мен кезекші ветеринарлардан басқа адам болмайды. Қызметкерлеріміздің айтуынша жер сілкінісіне дейін жануарлардың ешқандай ерекше іс-қимылдары байқалмаған. Жер сілкінгеннен кейін қасқырлар ұлып, тырна, бүркіт, қаз, үйрек сияқты құстар қанатын сабалап шулай бастады», делінген ақпаратта. Зообақ қызметкерлері таңертеңгі тексеру кезінде Паша мен Лола деп аталатын екі шимпанзенің үрейден бір-біріне тығылып отырғанын байқаған.