Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты. Әлемде жасөспірімдер рейтингісінде 27-орында тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Ә.Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді қапы қалдырды. Бірінші сетте Әмір 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде Ким есе қайырды.
Есесіне шешуші, үшінші сетте Омарханов 19-минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0. Тартысты бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.
Әмір Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландтық Мец Ротгерингпен таласады.