• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2024

Кедергісіз орта құрудағы келеңсіздіктер

145 рет
көрсетілді

Әлеуметтік кодекс күшіне енген былтырғы шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты жұмысын бастады. Бұл құрылымның құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау кіреді.

Осылайша, өткен жылы іске кіріскен әлеуметтік инспекторлар барлығы 1 127 тексеру жүргізді. Мұның 551-і – профилактикалық бақылау шеңберінде, 476-сы жос­пардан тыс тексерулер болды.

Мәселен, Еңбек және әлеу­меттік қорғау комитетінің Түр­­­кістан облысы бойынша депар­таменті Шымкент қала­сы тұрғыны, бірінші топ мүге­дектігі бар азаматтың өтініші негізінде Түркістан облысы бойын­ша санитариялық-эпиде­миологиялық бақылау депар­таментіне, «Ұлттық сарап­та­ма және сертификаттау орта­лығы» ШЖҚ РМК және «Бір­көлік» оңалту сауықтыру кешені» ЖШС-на жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тек­серу нәтижелері бойынша лауазым­ды адамдарға анықталған бұзу­шылықтарды жою туралы нұ­с­қама берілді, сондай-ақ әкімші­лік жауапкершілік шаралары қабылданды.

Еңбек және әлеуметтік қор­ғау комитетінің Солтүстік Қазақ­стан облысы бойынша департа­­мен­ті Шал ақын ауданының білім бөліміне және Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппаратына осы объектілердің қолжетімділігі мәселесі бойын­ша жоспардан тыс тексеру жүр­гізді. Мұнда да әкімшілік жауапкершілік шаралары қабыл­данды.

Сондай-ақ өңірлердегі әлеу­меттік инспекторлар мүге­дек­тігі бар адамдардың заңды құ­қықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объек­­тілерінің бейімделу іс-ша­ра­­ла­рын жүргізуде оң өзгеріс бар екенін атап өтті.

«Ақмола облысында объек­тілердің қолжетімділігі мен жа­рамдылығына тұрақты негіз­де мониторинг жүргізіледі. Жал­пы, Көкшетау қаласы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігі жақсарып келеді. Нысан иелері халықтың осы санаты алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті түсінеді. Мә­селен, Әуелбеков көшесі, 94 мекенжайындағы №1 қалалық емханаға барған кезде кіреберіс есіктердің ауыс­тырылғанын, санитарлық-тұр­мыстық бөлменің бейім­дел­генін байқауға болады. Мем­лекеттік қызметтердің барлық түрін алуға болатын Көкше­тау қаласының ХҚО-ла­ры да рет­телді. «Көкшетау» және «Достар» мәдениет үйле­ріндегі қолжетімділік көңіл­ге қуа­ныш ұялатады», деді Ақмо­ла об­лы­сының тұрғыны, бірінші топ­тағы мүгедек Рамазан Мұқатаев.

Сонымен қатар Көкшетау қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Лилия Харламованың айтуынша, көптеген нысанда қолайлы жағ­дай жасалып жатыр. Мысалы, қаладағы мемлекеттік мекеме­лерде пандустар, нашар көре­тіндерге тактильді құрал­дар орна­тылыпты. Бұған қоса «Крис­­талл», «Союз», «Рио», «Ру­бин», «Орталық базар» сауда үйлерінде кедергісіз орта қалыптасқан екен.

Жалпы, Еңбек және әлеу­меттік қорғау комитетінің аумақ­­тық департаменттері 2023 жылы 1 783 тексеру жүргізіп, анық­тал­ған бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берді, 98,4 млн теңгеден аса сомаға 467 айып­пұл салынды.