• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 25 Қаңтар, 2024

Обырды емдейтін отандық дәрі

534 рет
көрсетілді

Өлшеулі өмірдің үкіміндей онколо­гиялық аурулардың атының өзі есті­ген жанның үрейін туғызады. Ал осы дертті деніне жамаған жұрт­тың жай-күйін ойлау тіптен ауыр. Талай заманнан бері әлемнің небір білгір дәрігерлері табандап, талап қылып обырды жеңудің тың, тиімді тәсілдерін табуға тыры­сып-ақ келеді. Осы ғаламдық мәселені шешуге атсалысқан отандық ғалымдар еңбегінің нәтижесі таяу­да белгілі болды.

Осынау ақжолтай жаңалықты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеткізді. Оның айтуынша, обырға қарсы жаңа дәріні отандасымыз, ғалым Дос Сарбасов жасап шығарды. Ол бүгінде Назарбаев университетінде еңбек етеді.

«Биотехнолог Дос Сарбасов Техас онкологиялық университетінің Андерсон зертханасында ұзақ уақыт жұмыс істеді. Ол жасушалық тамақтануға маман­данған. Отандасымыз қатерлі ісік жасу­шаларының қоректік үдерісін бұзу­дың жолын таба алды. Бұл – онко­логиялық аурулармен күресудің инновациялық тәсілі», деді С.Нұрбек.

Министрдің айтуынша, инновация­лық дәріні алдымен қояндар мен тышқан­дарға сынаған. Сосын онкология универ­ситетінде қатерлі ісікпен ауыратын 15 адамға осы препаратты қолданып, сынақ­тың бірінші кезеңі өтті. Бәрі ойдағыдай болса, келесі жылы жаңа дәріні нарыққа шығару жоспарланып отыр екен.

«D-VС қатерлі ісікке қарсы отандық пре­па­рат әзірлеу» жобасы бойынша жаса­лып жат­қан бұл дәрінің әлемде баламасы жоқ. Жа­ңа препарат обырдың ауыр түр­лері­­не ду­шар болған науқастардың өмірін ұзар­та­тын тиімді ем болады деген сенім мол.