• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2024

Сарыағашта үшем өмірге келді

676 рет
көрсетілді

Сарыағашта 38 жастағы көпбалалы әйел Гүлмира Даурбаева үшем дүниеге әкелді. Қыздарға Әмина, Сабина, Медина есімдері қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гүлмира Даурбаева бұған дейін 5 баланың анасы еді. Енді, міне, дүниеге үш қыз әкеліп, батыр ана атанып отыр. Сәбилердің салмағы 2000, 2300, 1900 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазір мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Қыздарға Әмина, Сабина, Медина есімдері қойылған.

«Үшем босанатынымды алғаш естіген кезде қатты қобалжыдым. 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламадым. Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынынымды естігенде басқаша сезімде болдым», дейді әйел.

Мерзімінен бұрын туған нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары ерекше күтім жасап жатыр.