• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2024

ШҚО тұрғынының қойларын белгісіз аң қырып кеткен

244 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданына қарасты Көкжота ауылы тұрғынының қорасына белгісіз аң түсіп, ойран салған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, Еділхан Сарбасов есімді азаматтың қорасына түскен белгісіз аң 15 қойды қырып, тағы 10 қойды жаралап кеткен. Ауыл тұрғындарының сөзінше, бұл қаңғыбас иттердің ісі болуы мүмкін емес, иттер әдетте өлі малға ауыз салады.

Аталған елді мекенге аудан басшысы Нұрлан Махамбетов, ауылдық округ әкімі және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері барды. Олардың айтуларынша, жыртқыш қора есігінің түбін қазып кірген.

«Сілеусін шығар деген ойдамыз. Қасқыр болса қойларды жарып кетер еді, ал бұл тек қанын ішкен. Жаралы 10 қой да бауыздалды», деді әкімдік өкілдері.

Анықталғандай, барлығы ауылдағы мал өлексесін көмуге арналған орынға көмілмек, өйткені аңның сілекейінде қауіпті аурулар болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар