• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қаңтар, 2024

Әлем чемпионатына пара-пар. Халықаралық турнирге қатысатын боксшылар белгілі болды

330 рет
көрсетілді

Ақпанның 2-12 аралығында Болгарияның София қаласында халықаралық Странджа турнирі өтеді. Әлем чемпионатына пара-пар додаға кімдердің қатысатыны  нақтыланды, деп жазады  Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қыметіне сілтеме жасап.

1950 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан Странджа кубогіне әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай (51 кг)  бастаған боксшылар аттанады. 54 кг салмақта Дәулет Молдашев, 57 килода  Оразбек Асылқұлов, 60 кг салмақта  Руслан Күзеубаев, 63,5 кг: Ерасыл Таңқай, 67 кг: Дулат Бекбауов, 71 килода Талғат Шайкен, 75 килода Нұрқанат Райыс, 80 кг салмақта  Тұрсынбай Құлахмет, 86 кг салмақ дәрежесінде  Абзал Құттыбеков айқасқа түседі.

Ақпан айының соңында Италияда Париж жазғы Олимпиадасына  әлемдік іріктеу турнирі басталады. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов Болгарияға ұлттық құраманың негізгі құрамын қосқан жоқ.