• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2024

«Талабың оң болсын». Бельгиялықтар асырап алған бала қазақ тілін үйренуді бастады

5994 рет
көрсетілді

2004 жылы Арқалықтан шетел асқан қазақ баласы ана тілін үйренуді бастады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Жәнібек қазақ тілінде жазып қана қоймай, жазбасын қазақша дыбыстаған. 

«Менің арманым туралы - терең мұхитке сүңгу.Соңғы бірнеше күнде  диплом алдым.Мен сізді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді, қазақша сөйлеп (сөйлеуге тырысып).Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті.Менің әлемге көзқарасым және сезімдерім оң дамыды.Сізге тағы да рахмет», деп жазба қалдырды Жәнібек.

Оның қадамына журналист Қымбат Досжан табыс тіледі.

«Ана тіліңді үйрену жолындағы талабың оң болсын Жәнібек балам», деп жазды «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Instagram парақшасында.