• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қаңтар, 2024

Қазақстанда биатлоннан қысқы Азия чемпионаты өтеді

74 рет
көрсетілді

Ақмола облысына қарасты Щучье қаласында биатлоннан жастар және жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, құрлықтық додаға Азияның 7 елінен келетін 100-ден астам жас спортшы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионаты наурыздың 10-20 күндері аралығында Щучье қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында өтеді. Қатысушылар 3 сайыс бойынша сынға түседі. Олардың қатарында Қытай Тайпейі, Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан, Таиланд, Қазақстан бар.

Жарыс Азия биатлон федерациясының қолдауымен өтеді.

Жарыс бағдарламасы:                        

12 наурыз – Жеке жарыс (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар) 13 наурыз – Жеке жарыс (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар) 14 наурыз – Спринт (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар) 15 наурыз – Спринт (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар) 16 наурыз – Із кесу (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар) 17 наурыз – Із кесу (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)