• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Қаңтар, 2024

Елордада 4 күн қатарынан қалың қар жауады

1129 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы 7 күнде Астанада қандай ауа райы күтілетінін айтты. Болжамға сәйкес, елордада қар жауып, үсік күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz OpenWeather порталына сілтеме жасап. 

Бүгін, 29 қаңтарда Астанада күн бұлтты болады. Ауаның орташа температурасы - 21 градус. Күндіз ауа температурасы - 15 градусқа жетуі мүмкін, бірақ түнде ауа температурасы 24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с болады.

30 қаңтарда күн қайтадан бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы - 19 градус шамасында болады. Ең жоғары температура - 12 градус, ең төменгісі - 26 градус болмақ. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с дейін жетеді.

Елордада 31 қаңтарда қар жауады деп күтіледі. Орташа температура - 7 градус. Күндіз ауа температурасы - 4 градусқа дейін көтерілсе, түнде - 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,8 м/с болады.

Синоптиктердің болжауынша, 1 ақпанда тағы қар жауады. Орташа ауа температурасы - 8 градус. Ең жоғары температура - 5 градусқа дейін көтеріледі, сонымен қатар - 10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 7,0 м/с болады.

Қар 2 ақпанда да жалғасады. Орташа тәуліктік температура - 13 градус. Күндіз ауа - 11 градусқа дейін жылыса, түнде - 14 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 6,9 м/с болады.

3 ақпанда қайтадан қар жауады деп күтіледі. Орташа температура - 5 градус. Ең жоғары температура - 3 градус, ең төменгісі - 12 градус болады. Желдің болжамды жылдамдығы 7,8 м/с.

4 ақпанда синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауаның орташа температурасы - 11 градус болады. Ауа - 8 градусқа дейін жылынуы мүмкін, бірақ түнде минус 12 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 5,2 м/с болады.