Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында жерлестеріміз ертең 2 спорт түрі бойынша додаға енеді. Ведомство 30 қаңтардағы жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаңғымен 7,5 шақырымға жарыс (классикалық жүріспен) өтеді. Нақты атағанда Астана уақытымен 8:00-де ұлдар: Берік Боранбаев, Әубәкір Тотанов және 10:30-де қыздар: Милана Мамедова, Виолетта Митропольская шығады.
Ал кёрлингтен Қазақстан-Италия ойыны 15:00-де басталады, оған Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір қатысып, аралас жұптық бәсекеде сайысады.
Естеріңізге салайық, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола бар. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных тарту еткені мәлім, ал шорт-тректен Полина Омельчук және хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алғаны хабарланған еді.