«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың болжамына қарағанда, елде тұрақсыз ауа райын тудыратын солтүстік-батыс циклоны қалыптасады, бұл жауын-шашын болатынын білдіреді.
«Солтүстік облыстарда – қар түрінде, оңтүстік өңірлерде – көктайғақ, жаңбыр, бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстіктің таулы аймақтарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі», делінген хабарламада.
Десе де температура бойынша айтарлықтай өзгеріс болмайды.