Синоптиктер 30 қаңтардағы Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Таулы аймақтарда және оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі», деп жазылған хабарламада.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел, бұрқасын күтіледі.