• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бизнес 30 Қаңтар, 2024

Елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағдарламасы әзірленді

165 рет
көрсетілді

Кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттардың экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары біріктіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын орындау мақсатында министрлік «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламаларын біріздендіруді көздейтін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бағдарламасын әзірледі. Бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға басты назар аударылады», деді Әлібек Қуантыров.

Министр бағдарламаның «Шағын кәсіпкерлік», «Шағын және орта кәсіпкерлік», «Өңдеу өнеркәсібіндегі және қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік», «Моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік», «Әлеуметтік кәсіпкерлік», «Қор биржасы»  атты 6 бағыттан тұратынын түсіндірді.

«Бағыттар аясында жаңа жобаларды субсидиялауға бюджет қаражатын бөлу негізінен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары үшін жүзеге асырылады. Бағдарлама субсидиялаудан кепілдік құралдарына және басқа да қаржылық емес қолдау шараларына кезең-кезеңімен көшуді қарастырады», деп қосты министр.