• RUB:
    4.91
  • USD:
    443.03
  • EUR:
    480.38
Басты сайтқа өту
Туризм 30 Қаңтар, 2024

«Зиярат туризмі»: Қазақстан-Өзбекстан арнайы жол картасын әзірледі

232 рет
көрсетілді

Еліміздің туризм және спорт министрлігі мен Өзбекстанның туризм комитеті аталған мақсатта арнайы «Жол картасын» жасады. Құжатқа сәйкес, екі мемлекет арасында саяхатшылар ағынын ұлғайтуға бағытталған бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Туристік компаниялардың өзара ақпарат алмасуын жолға қою, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Зиярат туризмін дамыту мақсатында шекарадағы өткізу бекеттерінде келушілерге қолайлы жағдай жасау көзделген. Екі ел арасында автобус рейстерінің санын ұлғайту да жоспарға енген.

Тарихшы-ғалым Комилжон Рахимовтың айтуынша, Бұқара өңіріндегі жеті ғұлама туралы кітаптар бірнеше тілге, оның ішінде қазақ тіліне де аударылған. Аталған мекенді аралап, көзбен көруге Қазақстан азаматтарының қызығушылығы ерекше.