• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Әскер 30 Қаңтар, 2024

Өшпес даңққа бөленген есімдер

233 рет
көрсетілді

Жаркент қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 74261 әскери бөлімінің қолбасшылығы мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет өкілдері Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға белгілі композитор Мақсат Жәутіков, «Құрмет», «Даңқ» ордендерінің иегері, Панфилов ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Күл­ғай­ша Бердіғұлова, тыл еңбек­кері, Социалистік Еңбек ері Күләш Айтжанова және Қазақ­станның еңбек сіңір­ген мұғалімі Нұрғай­ша­ Шайділдинова арнайы шақы­рыл­ды.

Қос батырдың ғасырлық мерей­­тойына арналған кеш­ті­ Құр­лық әскерлері бас қол­­басшысының тәрбие және идео­­логиялық жұмыс жөніндегі орын­басары, полковник Ермиян Бятов ашты.

«Биыл біз қазақ халқы­ның­­ даңқты ұлдары, батырлар Саға­дат Нұрмағамбетов пен Рақым­жан Қошқарбаевтың 100 жыл­дығын атап өтеміз. Олар көзсіз ерлігі мен жанқиярлық қызметінің арқасында өшпес даңққа бөленді. Батыр аталарымыз біз үшін де, болашақ ұрпақ үшін үлгі болып қала береді», деп атап өтті ол.

Кездесуде даңқты батырлар туралы мазмұнды баяндамалар оқылды. Әсіресе олармен етене таныс болып, бірге қызмет еткен көз­көр­гендердің естеліктері ерекше құнды болғанын да айта кету керек.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі іс-шараға әскери қызметшілердің ата-аналарын да қатыстырды. Ұлда­ры Ақтау қаласы мен Меркі аулында қызмет етіп жатқан аналар балаларымен бейнебайланыс арқылы сөйлесе алды.

Іс-шара аясында Халық қаһар­­­мандары Сағадат Нұрма­ғам­­­бетов пен Рақымжан Қош­қар­­баев туралы кітап көрмесі ұйым­дастырылып, деректі фильм­­дер көрсетілді. Кездесуде бір­­қатар сарбазға, бөлім­ше коман­ди­рі мен бөлімше фельдшеріне адал қызметі үшін алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Іс-шара 74261 әскери бөлімі көркемөнерпаздарының күші­мен­ дайындалған концертпен аяқталды. Кеш барысында текті­ліктің, сүйіспеншілік пен адал­дық­тың символы болған офицерлер вальсі ерекше әсерлі болды.