• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Қаңтар, 2024

Никита Чирюкин күміс медаль иеленді

389 рет
көрсетілді

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан Әлем кубогінде  Никита Чирюкин  күміс медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеу сайысында Н.Чирюкиннің алдын тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хо орап кетті. Ол 37 ұпай алса, Никита 31 ұпаймен күміс медальді қанағат тұтты. Әлем кубогінің қола медалі Германия мергені Флориан Петерге (27 ұпай) бұйырды.

Ұлттық құрамадағы мергендеріміз Мысырда өтіп жатқан Әлем кубогінен 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Рейтингтік ұпай берілетін Әлем кубогінде 66 мемлекеттен  келген 678  спортшы 10 медаль жиынтығы үшін додаға түсіп жатыр.