• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қаңтар, 2024

Республикалық маңызы бар автожолдардан 2 учаске жабық

246 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» мәлім еткендей бүгін сағат 12.30-дағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында – 1 учаске: «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі – Түркістан облысы шекарасына дейін – 59 км.

Түркістан облысында – 1 учаске: «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан облысы шекарасынан – Машат – 59 км.

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 699 бірлік техника және 1419 жолшы жұмылдырылған.