• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Кино 31 Қаңтар, 2024

«Ақ боз үйдің» актері марапатталды

178 рет
көрсетілді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Қайрат Кемалов Камерун астанасы Яун қаласында өткен «YARHA FESTIVAL» халықаралық кинофестивалінде «Үздік ер адам бейнесі» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Аталған фильм жазушы, кинодраматург Смағұл Елу­бай­дың «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген. Кино­кар­тина өткен ға­сыр­дың бірінші жартысындағы халықтың басынан өткерген ауыр тағдырын баяндайды.

Режиссер Б.Елубайдың фильмі бір отбасының оқиғасын су­­реттейді, онда Қайрат Ке­малов би Пахраддиннің рөлін ойнайды.

Туынды жергілікті көрер­меннің оң пікірін алып, отандық кино актерлерінің шеберлігі жоғары бағаланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның Бурса қа­ла­сында өт­­кен «korkut ata» түр­кі әлемі кино фес­тива­лінде де актер Қ.Ке­малов Пахраддин образы үшін «Үздік ер адам бей­несі» ата­лымы бойынша озық шықты.

 

Дидар Асылхан,

Қ.Ясауи университетінің 2-курс студенті