Осы орайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
- «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті, - делінген ресми ақпаратта.
Еске салайық, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш бағдарламаға кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала. Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады.
«Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді. Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды. Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі», делінген БЖЗҚ хабарламасында.
БЖЗҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2024 жылы 18-ге толатын балаларға аталған сома олардың БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түсті. Бағдарламаның бұл қатысушылары өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үйге немесе білім алуға кәмелетке толғаннан кейін бірден пайдалануға құқылы болады.
Нысаналы талаптарға/нысаналы жинақтауға қатысушылардың жынысы мен туған жылы бойынша саны:
туған жылы
жынысы
еркек
әйел
барлығы
2006
156 003
148 812
304 815
2007
169 535
161 122
330 657
2008
187 098
177 706
364 804
2009
185 549
174 688
360 237
2010
189 443
179 762
369 205
2011
191 954
181 958
373 912
2012
194 720
186 028
380 748
2013
199 283
187 910
387 193
2014
204 706
194 048
398 754
2015
204 745
193 648
398 393
2016
206 255
193 580
399 835
2017
200 683
188 487
389 170
2018
204 014
192 501
396 515
2019
206 223
193 756
399 979
2020
219 068
205 488
424 556
2021
228 076
215 192
443 268
2022
210 091
198 141
408 232
2023
200 654
188 204
388 858
барлығы
3 558 100
3 361 031
6 919 131