• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Ақпан, 2024

Шымкентте қыз алып қашқан азамат 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

174 рет
көрсетілді

Шымкентте қызды алып  қашу дерегі бойынша ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Шымкент прокуратурасының мәліметінше, 2024 жылдың 16 қаңтарында қаладағы полицияның кезекші бөліміне М.А. есімді азаматша қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекснің 125-бабы 2-бөлігі 1) тармағының негізінде («Адамды ұрлау») соталды тергеп-тексеру басталды. Іс барысында Маңғыстау облысының Г. есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды. Тергеп-тексеру кезінде барлық мән-жай анықталады», делінген Шымкент прокуратурасының хабарламасында.

Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», деді прокуратураның баспасөз қызметі.