• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Үкімет 01 Ақпан, 2024

Жаңа құрылғылармен жабдықталады

112 рет
көрсетілді

Үкімет еліміздің ветеринариялық қызметін күшейтуге өз резервінен 3,8 млрд теңге бөлді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Қаражат ветеринария­лық зертханаларды дәлдігі жоға­ры құрылғымен – халықара­лық ұсыным­дар және Codex Alimentarius ережелері мен талаптарына сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталады.

Бұл ветеринария саласында дәл және нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қосады.

Сонымен қатар жаңа құрыл­ғы бүгінде әлемдегі ондаған елге тауарларын экспорттап жүр­ген отандық өндірушілерге сырт­қы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес болуына мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қазақстан­ның басқа елдерден жеткізілетін өнімдерді бақылау мүмкіндігі айтарлықтай артады. Ветеринария­лық талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда, еліміз ішкі нарықты жануарлардан тарайтын қауіпті аурулардан қорғау шараларын жедел қабылдай алады.

Қазақстан Үкіметінің атал­ған қаулыны қабылдауы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам болып табылады.